17 қараша 2016 12:13

Алматы билігі тұрғындардың қар тазалауға қатысты сынына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігінің маңында қар тазалау жұмыстары © Тengrinews.kz Алматы әкімдігінің маңында қар тазалау жұмыстары © Тengrinews.kz

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Эльдар Кильдибаев қала көшелерінде қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатса да, тротуралар мен көшелерде қардың неліктен әлі де толық тазартылмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Эльдар Кильдибаев қала көшелерінде қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатса да, тротуралар мен көшелерде қардың неліктен әлі де толық тазартылмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, негізгі мәселе қызметкерлер мен арнайы техниканың аздығында, ал қажетті мөлшердегі қарды тазалауға көбірек жұмысшы алуға қаражат жетіспейді. 

Ол 16-нан 17-не қар тазалау жұмыстарының хронологиясын айтып берді. "Айтарлықтай ештеңе болған жоқ. Қар жауу керек мөлшерде жауып жатыр. Ең бір кішкентай болса да қиындық түнгі бір мен таңғы алтыға дейін жауған қар мөлшері көп болды. Осыдан кейін, түнгі сағат 03.00-де қайта тазалау жұмыстарына кірістік. Таңғы алтыда қайта тазалап, кептеліс уақытына дейін барлығын тазартып үлгердік", - деді Кильдибаев.

 ©Tengrinews.kz

Ол қалада 950 шақырым болатын тротуар мен 18 миллион шаршы метрді құрайтын өтпелі жол барын айтты. "Адамдар қазір тротуармен жүр, ешқандай мұзтайғақ жоқ. Иә, тротуар қара түсті емес, алайда өздеріңіз көріп отырғандай қар әлі жауып тұр, сондықтан оны әрдайым жаздағыдай қап-қара етіп ұстау мүмкін емес. Барлығын тазалап шығуға 4 сағат уақыт кетеді, ал себу үшін - 4 сағат. Біз мұны бір мезетте тазалап тұру үшін миллион техникамыз жоқ", - деді ол. 

Оның мәліметі бойынша, түнгі жұмыстарға 465 техника мен 500-ге жуық адам жұмылдырылған, олар жер асты жаяу жүргінші жолдары мен техника бара алмайтын жерлерді тазалаған. "Қар түнде жауды - таңертең барлығы келді, таңертең барлығы келді - кептеліс жоқ. Қоғамдық көліктердің жолына бөгет жоқ, жолайрықтардың барлығы да тазаланды", - деді ол. Жалпы әкімдік мәліметінше түнде 15 сантиметр қар жауған, яғни бұл нормаға сәйкес.


© Tengrinews.kz

Осыған дейін, Алматыда 16 қарашада кешкі уақыттан бастап жауған қардың салдарынан болған жол-көлік оқиғаларынан 17 адам зардап шеккені хабарланған еді.

Оның айтуынша, зардап шеккендер жеңіл жарақат алған. "Қазіргі уақытта қалада жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы өтіп жаты. Полиция жол қозғалысына қатысушыларды сақ болуға және жол қозғалысы ережесін сақтауға шақырамыз", - деді қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети