30 шілде 2015 17:53

Алматы ІІД байкерді қағып тоқтатқан полицей жайлы түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube YouTube

Алматы полициясы инспектор жанынан жоғары жылдамдықпен өтіп кетпек болған байкер туралы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы полициясы инспектор жанынан жоғары жылдамдықпен өтіп кетпек болған байкер туралы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жол қозғалысын қиындатып, жол ережесін бұзған бір топ мотоциклшілер туралы ақпарат түскеннен кейін мамандандырылған батальонның жол-патрульдік полицейлері оларды Горная көшесінде тоқтатты", - деп жазылған департамент хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер жинаған әкімшілік өндіріс материалдары шешім шығару үшін Алматы мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.

Осыған дейін YouTube сайтында инспектордың жоғары жылдамдықпен өтіп бара жатқан байкерді тоқтатқаны бейнеленген видео пайда болған еді. Инспектор жас жігіттен куәлік көрсетуін талап етті. Мотоциклші қозғалысқа кедергі келтірмес үшін жол жиегіне шығып тұруы керек екенін айтты. Жүргізуші полицейге Yamaha R6 мотоциклінің кілтін беріп, содан кейін ғана куәлігін ұсынды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети