20 шілде 2016 15:21

Алматы ІІД-де қаза тапқан полицейлердің отбасына көмек көрсету үшін есепшот ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда 18 шілдеде болған терактіде қаза тапқан полицейлер мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсету үшін Алматы қалалық ІІД есепшот ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда 18 шілдеде болған терактіде қаза тапқан полицейлер мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсету үшін Алматы қалалық ІІД есепшот ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құқық қорғау органдары ардагерлерінің іскерлік достастығы" ҰҚ

ИИН (БИН): 131040017380

ИИК KZ609650200007912177

КБЕ 18

БИК IRTYKZKA

Төлем алушы банк: "ForteBank" АҚ , Алматы қаласы

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болғандығы анықталды. Ол Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлікбаев болып шықты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, азаматтарды ақпараттық кеңістіктегі арандатушылықтарға сенбеуге шақырды. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Президенті қаладағы жағдайды тұрақтандыру және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Ал бүгін 20 шілдеде терактіден қаза тапқан полицейлермен қоштасу рәсімі өтіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети