07 шілде 2015 12:55

Алматы ІІД өкілдері "сәнқой полицей" туралы даулы видеоның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"ОСА" қоғамының порталы ©"ОСА" қоғамының порталы

Алматы ІІД өкілдері "сәнқой полицей" туралы даулы видеоның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы ІІД өкілдері "сәнқой полицей" туралы даулы видеоның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, видеодағы келіншекті оның туыстары іздестірген. Алматы тұрғыны наурыз айында өзінің қызының жоғалып кеткені жайлы полицияға хабар берген. Келіншек өз баласын тастап, кетіп қалған. Жедел уәкілдер қызды тауып алған.

"Келіншекті жедел қызметкер ұстады, қызметкер "Боран" жол-патруль полициясының экипажы келгенше оны күшпен ұстап тұрды. Сонымен қатар, іздеуде болған әйелдің өз анасымен жақтыртпаушылық қарым-қатынаста болғаны анықталды. Қазіргі уақытта келіншек үйіне оралмады, баласы болса әжесінің қолында", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске салайық, Алматыда өзін полиция қызметкері деп таныстырған ер адам тапа-тал түсте қызға күш қолданды. Куәгерлер оның әрекетін видеоға түсіріп, "ОСА" қоғамының порталына ұсынды. Ролик авторының айтуынша, оқиға 2015 жылдың сәуір айында болған. Алайда видео енді ғана жарияланды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети