25 мамыр 2017 18:50

Алматы дамытуға қосымша 21 миллиард теңге бөлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда VI-ші шақырылған мәслихаттың кезекті сессиясы барысында 2017 жылдың бюджеті нақтыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Алматыда VI-ші шақырылған мәслихаттың кезекті сессиясы барысында 2017 жылдың бюджеті нақтыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мысалы, қаланың көше-жол желісін дамыту, қоғамдық көлікті пайдаланатын жолаушыларға дұрыс жағдай жасау мақсатында ұзындығы 95 шақырым болатын жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша 2,5 млрд. теңге бөлінеді. 2,4 миллиард теңгеге Алатау ауданындағы "Алғабас", "Ақбұлақ", Наурызбай ауданындағы "Қалқаман", "Алтын Алаш" елді мекендерінде жаңа жолдар салынады.

11,5 миллиард теңгеге сервистік қызмет көрсететін ыңғайлы әрі жаңа 297 автобустар, бұлардан өзге көлік тұрағының барынша тиімді жұмыс істеуі үшін 40 эвакуатор алынады.

Қаланы көріктендіру ісіне 19,7 миллиард теңге жұмсалады. Жібек жолы, Панфилов, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен Астана алаңындағы жүргінші жолдары ретке келтіріледі, Ян Гейлдің Концепциясы бойынша әр аудандағы 16 көшеде аллеялар, ландшафтар, велосипед жолдары, балалардың ойын алаңдары, көлік қозғалысының "қауіпсіз" аймақтары пайда болады. 6 скверге, бір саябаққа, бір бульварға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Төлебаев, Байсейітова көшелері мен Есентай өзенінің жағалауында 3 жүргінші аймағы пайда болады.

472 аула айналасы жөнделеді, оған 7,7 миллиард теңге жұмсалады. 10 км арық және арық өтпелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары басталады, Үлкен Қарасу өзенінің жағалауы, Кіші Алматы өзені өңіріндегі гидротехникалық қондырғылар жаңартылады. Жетісу ауданындағы "Думан" елді мекеніндегі зиратты абаттандыруға 200 млн. теңге бөлінеді.

Әлеуметтік салаға қосымша 2,6 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Оның 207,6 миллион теңгесі білімге, яғни жеке бала бақшаларда мектеп жасына дейінгі оқытуға тапсырыс беруге, балаларды тәрбилеуге, мемлекеттік бала бақшалардағы бөлемелерді оңтайландыруға, 8 мектеп жасына дейінгі мекемелердегі апатты жағдайларды жоюға жұмсалады.

Денсаулық сақтау саласында 2018 жылы енгізілетін медициналық сақтандыруға 100 пайыз дайын болу үшін 2148 бірлік компьютер алуға және жалпы алаңы 35 000 м2 болатын 440 төсекті онкологиялық орталық құрылысын салудың ЖСҚ джайындауға қосымша 557,9 млн. теңге бөлінеді.

Тұрғындардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігіне қолдау көрсету үшін 1,8 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Қысқа мерзімді кәсіби дайындықтан 7 мың адам өтеді, "Тұрғыны шағын үй" және "Жеке тұру орталығы" жобалары іске асып, бұларда 65 адамға қызмет көрсетіледі, бұларда күндіз мүгедек балалар тәрбиленеді. 50 нашар отбасылдар үшін Отбасы мен балаларды қолдау орталығы» құрылады. "Болашағы бар бала" пилотты жобасы қолға алынып, мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Қаланың спорттық әлеуетін арттыру үшін қосымша 758,5 миллион теңге қарастырылған.

Тұрғын үй коммнуалды шаруашылықты модернизациялау және 64 үйдегі ескі лифтерді алмастыру, 30 үйді кешенді жөндеу мен 33 үйдің шатырын жөндеу жұмыстарының ЖСҚ дайындау үшін 896 миллион теңге бөлінеді. Инженерлік желілерді салу үшін қосымша 1,9 млрд. теңге қарастырылған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына 2,5 миллиард теңге бөлінеді. Экологияны жақсарту жөніндегі кешенді жоспар аясында көліктердің улы және залалды заттарды қаншалықты шығаратынын анықтайтын 10 бірлікті газаналитикалық кешен алынады. Бұлардан өзге төтенше жағдай кезінде тұрғындарды жылумен қамтамасыз ететін жылжымалы модульді қазандық және 7 бірлікті арнайы техника алынатын болады.

Алматыда келер жылдың аяғында БҰҰ-ның Өңірлік хабы ашылады. Оған халықаралық ұйымдардың 19 агенттігі мен өкілеттіктері қатысады. Осыған орай қажетті ЖСҚ дайындау үшін биылғы жылы 50 млн. теңге бөлінеді.

"Алматы-2020" даму Бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - қаланың барлық аударының бірдей дамуын қамтамасыз ету. Сонымен, 2017 жылы қаланың нақтыланған бюджеті - 542,4 миллиард теңге, оның үстіне өткен жылмен салыстырғанда даму бюджеті 21 миллиард теңгеге артып, 163 миллиард теңгені құрады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети