06 қыркүйек 2019 12:15

Алматы хайуанаттар бағының басшысы қызметінен кетеді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы хайуанаттар бағының басшысы Вячеслав Банщиков қызметінен кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы хайуанаттар бағының басшысы Вячеслав Банщиков қызметінен кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вячеслав Банщиков 2019 жылдың 23 мамырында зообақтың директоры қызметіне тағайындалған. Оның басшылық лауазымнан кететіні туралы шешім "Город без окраин" бағдарламасының пайдасына қабылдағаны хабарланды. 

"Бұл шешімді қабылдасам да, мен 2017 жылдан бергідей Алматы хайуанаттар бағының демеушісі болып қала беремін. Зообақта қызмет еткен кезімде көптеген адам оң баға берді және беріп келеді, бұл жұмыс маған әрқашан ләззат сыйлайтын. Бірақ мен өмірлік қиын жағдайларға тап болған балаларға әлеуметтік жүйелі көмек, атаулы көмек, "Город без окраин" президенттік кампаниясының шеңберінде балалар үшін қалалық кеңістікті жайластыру пайдасына таңдау жасадым. Бұл рөлде одан да биік белестерді бағындыратыныма сенімдімін", - деді ол.

Хайуанаттар бағы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Банщиков басшылығы кезінде қызметкерлердің жалақысы екі есе өскен. Ол 230 миллион теңге мөлшерінде демеушілік қаражат тартқан екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети