04 сәуір 2014 21:01

"Алматы - Жезқазған" бағытына ұшатын SCAT әуекомпаниясының ұшағы істен шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©SCAT ©SCAT

Бүгін SCAT әуекомпаниясының ұшағы "Алматы - Жезқазған" бағытына ұшырылған жоқ. Ол әуеге көтерілетін кезде, арнайы тұраққа қойылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайтының тілшісі. Ұшақтың әуеге көтерілмеуіне "ұшуға болмайтыны туралы" дабылдың соғылуы себеп болған. Ұшқыштар қауіпсіздікті сақтау мақсатында экипаждың әуеге көтерілуін тоқтатуға шешім қабылдаған. SCAT әуекомпаниясының хабарлауынша, енді жолаушылар резервтегі DV-739 ұшағымен жеткізіледі.

Бұған дейін 2014 жылдың 1 сәуірінде Астана әуежайына қонар сәтте SCAT әуе компаниясы ұшағының тежеу жүйесі істен шыққанын хабарлаған болатынбыз. Аталмыш жағдайға қатысты Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігі арнайы комиссия құрған еді. "Ұшақ қону жолағынан ауытқып кеткен. Абырой болғанда қону кезінде ұшақ бортында болған экипаждың тоғыз мүшесі мен 171 жолаушы зардап шеккен жоқ. Әуе кемесі арнайы тұраққа қойылды. Қазір арнайы құрылған комиссия бұл жағдайдың себеп салдарын анықтап жатыр" деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұқтыбаев. 

SCAT әуекомпаниясы оқиға кезінде ұшақтың "сырғанауға қарсы" дабылы қағылғанын айтып, аталмыш жайтқа дөңгелектердің желінің аздығы себеп болғанын алға тартуда.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети