07 қыркүйек 2015 12:06

Алматы қалалық ТЖД басшысы қызметінен босады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dchs-almaty.kz © dchs-almaty.kz

Берік Құтпанов Алматы ТЖД басшысының қызметінен босады, бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.


Берік Құтпанов Алматы ТЖД басшысының қызметінен босады, бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, Алматы ТЖД бұрынғы басшысы ІІМ ТЖ жөніндегі комитеттің резервіне есепке алынды. Құтпанов ТЖ жөніндегі алматылық департаменттің басшылығына 2011 жылдың мамырында Владимир Божконың бұл қызметтен Дамир Халиковты босатқан кезінде келген еді. Осыған дейін Құтпанов Ақтөбе облыстық ТЖД-ны басқарды.

Айта кетейік, Құтпановтың департаменттегі басшылығы кезінде 2015 жылдың 23 шілдесіне қараған түні Алматыда сел жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Айта кетейік, төтенше жағдай болған жерде еріктілер жұмыс істеді. Кейін еріктілердің бірыңғай штабы құрылды. Апаттың салдарын жою үшін күніне 200-ге жуық ерікті жұмыс істеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети