Алматы қаласына жаңа прокурор тағайындалды

12 Ақпан 2018, 11:41
0
Алматы қаласына жаңа прокурор тағайындалды -

Алматыға жаңа прокурор тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокурор Қайрат Қожамжаров Мемлекет басшысының келісімімен Алматы қаласының прокуроры қызметіне Берік Қуанышбайұлы Жүйріктаевті, ал Павлодар облысының прокуроры қызметіне Қайрат Әлиханұлы Әбдіхановты тағайындады.

Екі прокурор да 2016 жылдан облыс прокуроры қызметіне Президент резервінде болды.

Ал Рүстем Нәсіпқалиұлы Салкенов Ақтөбе қаласының прокуроры болып тағайындалды.

Сондай-ақ, бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың 2018 жылдың 12 ақпанындағы бұйрығымен Ақтөбе облысы прокурорының орынбасарлары болып Ғалымжан Ниязбекұлы Тілеубаев пен Асқар Жейенайұлы Албытов тағайындалды.

Бас прокуратураның мәліметінше, Ғалымжан Тілеубаев, Асқар Албытов пен Рүстем Салкенов прокуратура органдарында көп уақыт жұмыс атқарған. 10 жылдан аса уақыт Орталық аппаратта қызмет еткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай