10 желтоқсан 2014 17:13

Алматы қаласының 2015 жылғы бюджеті бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы. ©РИА Новости Алматы. ©РИА Новости

Бүгін Алматыда мәслихаттың XXXVI сессиясында алдағы 2015 жылдың бюджеті 415,4 млрд. теңге көлемінде бекітілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бюджет жобасы 2015-2017 жылдарғы кезеңге жасалған макроэкономикалық көрсеткіштер базасы негізінде жасалды.


Бүгін Алматыда мәслихаттың XXXVI сессиясында алдағы 2015 жылдың бюджеті 415,4 млрд. теңге көлемінде бекітілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бюджет жобасы 2015-2017 жылдарғы кезеңге жасалған макроэкономикалық көрсеткіштер базасы негізінде жасалды.

Республикалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттерді ескере отырып, Алматының 2015 жылғы нақтылы бюджеті 331 миллиард 725 миллион теңгені құрайды. Мегаполис басшысы әлемдік экономикалық ахуалдың төмендеуіне қарамастан Алматыда барлық көрсеткіштер тұрақты екенін атап өтті.

"Осы жылдың соңына дейін ЖӨӨ көлемі 8 трлн теңгеге жетіп, 6,3 пайызға артады. Инфляция деңгейі 7 пайызға төмен болмақ. 2015 жылдың жергілікті бюджетіне келетін болсақ, біз оны барынша оңтайландырдық. Бөлінген әрбір бюджеттік теңгенің қайтарымы мол әрі әлеуметтік,экономикалық тиімділігі жоғары болуы, жаңа жұмыс орындары құрылуы, салық төленуі тиіс", - деді Ахметжан Есімов.

Алматы әкімі шығындарды оңтайландыру әлемуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға еш кедергі келтірмейтіндігін ерекше атап өтті. 

"Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Ұлттық қордан үш жыл ішінде жыл сайын 3 млрд доллардан бөлінетін болады. Қаңтар айында Ұлттық экономика министрлігі бұл қаржыны бөледі. Біз осы бағытта барынша тиімді жұмыс істеуге тиіспіз. Бұл жол айрықтарын, арендалық тұрғын үйлерді, туризм обьектілерін салуға, көшелерді жасауға қатысты", - деді Ахметжан Есімов.

Айта кетейік, қаланың 2014 жылғы бюджеті 303 млрд теңге көлемінде қабылданған еді, осы жылдың соңына қарай Алматы бюджетінің ұлғаюы 53 млрд теңгені құрады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети