27 қаңтар 2016 15:03

Алматы - Қапшағай автожолын тұзды қоспамен өңдеуге болмайды - "ҚазАвтоЖол"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы - Қапшағай бетон трассасын әзірше тұзды қоспамен өңдеуге болмайды. Сондықтан да осы жолда 27 қаңтар күні таңертең жаппай жол апаты болған. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, 13 техника қазір тас жолға құм сеуіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Цемент-бетонды жол төсегеннен кейін алғашқы екі жылда тұз себуге болмайды. Бұл жолдың бұзылуына әкеледі. Қазір ұзындығы 6 шақырым жолда көктайғақ әлі де сақталып отыр. Алдағы уақытта бұл олқылық жойылады", - деді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.

Қыс басталғалы бері жолға "Жол тайғақ" деген белгі орнатылыпты, сонымен қатар, көктайғақ кезінде жылдамдықты сағатына 50 шақырымға дейін азайту шектеуі енгізілген. Баспасөз қызметінің мәліметінше, осы белгіні жүргізушілердің елемеуінен жол-көлік оқиғасы көп болып жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін, 27 қаңтар күні таңертең жаппай жол-көлік оқиғасы болды. Осының салдарынан 15 шақты автомобильге зақым келді. Жол апаттарынан Қапшағай ауруханасына тоғыз адам түскен. Олардың жағдайы орташа.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети