31 қаңтар 2019 13:13

Алматы - Қапшағай тасжолы көктайғаққа байланысты жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Көктайғақтың салдарынан Алматы - Қапшағай тасжолы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көктайғақтың салдарынан Алматы - Қапшағай тасжолы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін жедел қызметтегілер тасжолдың жабылатыны жайлы хабарлаған еді. Әлеуметтік желілерде тайғақ жол түсірілген фото мен видеолар жарияланып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALMATY 24/7???????? (@dorogi_almaty_official)

Видеороликте қар тазалайтын көліктің жолда сырғанап бара жатқаны, тіпті тоқтай алмағаны көрінеді. Бір сәтте техника көлікке келіп соқтығысып, артынша тоқтайды.

Қапшағай тұрғындарының айтуынша, бір түнде Қапшағай мұзды қалаға айналды.

Instagram қолданушылары да тасжолдың жабылу салдарынан жолда кептелістің пайда болғаны жайлы хабарлап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы | Almaty ???????????????? (@kris_p_almaty)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы | Almaty ???????????????? (@kris_p_almaty)

Алматының Жасыл экономика басқармасындағылар 31 қаңтарда таңғы сағат 7-де таулы аймақтарда қарға ұласқан жауын-шашын басталғаны айтылады. Осыған байланысты синоптиктер көктайғақ болады деп болжап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети