Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау тасжолдарының қашан ақылы болатыны белгілі болды

15 Маусым 2018, 13:40
0
Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау тасжолдарының қашан ақылы болатыны белгілі болды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек еліміздегі жолдардың қашаннан бастап ақылы болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде Астана-Бурабай тасжолы ғана ақылы, шамамен 210 шақырым. Алдағы үш ай ішінде 630 шақырымға созылған үш учаскеде қозғалыс ақылы болады. Біріншісі - Алматы-Қорғас тасжолы, онда қозғалыс шілде айынан бастап ақылы болады. Сосын қыркүйек айында Астана-Теміртау мен Алматы-Қапшағай тасжолдары ақылы болады", - деді министр. 

Оның айтуынша, 2020 жылға дейін республикамызда аумағы 5,5 мың шақырым болатын жолдарға ақылы жүйе енгізіледі, ал 2022 жылға дейін - 10 мың шақырымнан астам жолға.

"Жиналған ақша қазіргі уақытта жолдарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының шығынын толықтай өтеуі тиіс", - деп айтып өтті министр.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай