29 желтоқсан 2019 16:41

Алматы маңында болған әуе апатының хронологиясы жарияланды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы халықаралық әуежайы Алматы облысындағы әуе апатының хронологиясын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы халықаралық әуежайы Алматы облысындағы әуе апатының хронологиясын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кез келген төтенше жағдайда уақытты тиімді пайдаланып нақты және үйлесімді әрекет ету өте маңызды. Алматы халықаралық әуежайы қызметінің әлемдегі басқа да әуежайлар сияқты мұндай жағдайларға арналған нақты нұсқаулары мен іс-қимыл алгоритмдері бар. Апат болғаннан кейін алғашқы минуттарда не болғанын толық түсіну үшін Алматы әуежайы қызметтерінің іс-қимыл хронологиясын ұсынамыз", - делінген хабарламада.

05.35-те рейске тіркелу басталды, ол 06.35-те аяқталды. Сағат 07.03-те жолаушылар орнына жайғасқаны жарияланды.

Әуе кемесі 07.21-де ұшты, 07.22-де ол радардан жоғалып кетті.

07.24. Әуежайдың апат-құтқару командасының барлық жеке құрамы үшін дабыл қағылды (оған келесі қызметтер кіреді: Іздестіру және апат-құтқару қызметі, медициналық қызмет, Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру қызметі, Арнайы көлік қызметі, Әуеайлақ қызметі, Авиациялық қауіпсіздік қызметі, Жүк тасымалдау қызметі, Инженерлік-авиациялық қызмет).

07.27. Әуежайдың апат-құтқару командасы 6 "К" аумағында жиналды.

07.35. Ұшу жетекшісінен 20 "А" аумағындағы авиациялық оқиға туралы ақпарат алынды.

07.36. Оқиға болған жерге әуежайдың бірінші өрт сөндіру-құтқару есебі келеді, 18 "В" шаршысында қираған ұшақ туралы ақпаратты беріп, жолаушыларды эвакуациялай бастайды.

07.38. Оқиға болған жерге Іздестіру және апат-құтқару қызметінің толық құрамы келіп, жолаушыларды эвакуациялауға кіріседі.

07.39. Іздестіру және апат-құтқару қызметі басшысы Алматы медициналық мекемелерінен қосымша күш сұрайды.

07.42. Оқиға болған жерге әуежайдың апат-құтқару командасының толық құрамы келеді.

08.10. Терминалға төтенше жағдай орнынан өздігінен қозғала алатын барлық жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, ТЖ-дан кейінгі алғашқы минуттарда оқиға болған жерге 22 арнайы техника, әуежай қызметінің жеке құрамынан 83 адам келген.

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан ұшып шыққан 93 жолаушысы бар Bek Air ұшағы радардан жоғалып кетті. Кейін құлаған ұшақтың суреттері жарияланды. ІІМ 12 адамның қаза болғанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети