16 сәуір 2018 18:22

Алматы Марафоны барысында қай көшелер жабылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников. © Николай Колесников.

Алматыда марафон барысында қаладағы кей көшелерде қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда марафон барысында қаладағы кей көшелерде қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Алматы Марафон - еліміздің ең ауқымды жүгіру шарасы. Марафонға Қазақстанның аймақтарынан ғана емес, басқа елдерден де қатысушылар жиналады. Марафон өтетін жолдарды жабу әлемдік тәжірибеде бар.

"Біз көлік бағдары мен жабылу уақытын барынша ыңғайлы етіп жасауға тырыстық. Барлық қатысушылар өз қашықтығын өткеннен кейін жолдар бірден ашылады. Қала тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарауға өтінеміз. Алдын ала жексенбі күніне жол жоспарын құрғандарыңыз жөн" - дейді Алматы Марафонының басшысы Салтанат Қазыбаева.

Республика алаңына көлікпен жету машруты: Желтоқсан көшесі бойынша. Оңтүстік бағыттан Сатпаев көшесіне дейін; Назарбаев даңғылы бойынша. Оңтүстіктен Сатпаев көшесіне дейін;  Сатпаев көшесі бойымен батыс бағдардан Назарбаев даңғылына дейін.

Жолдың жабылуына байыланысты қатысушыларды сөреге (Республика алаңы) Абай даңғылы бойынша метромен немесе Абай даңғылымен жүретін автобуспен (солтүстік бағыт) келуді сұраймыз. Назар аударыңыздар, сөрелік-мәрелік қалада (Республика алаңы) көлік қоятын орын болмайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети