Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматы мен Қарағандыда сот қызметкерлері тағайындалды

15 Мамыр 2014, 22:22
0
Фото РИА Новости
Фото РИА Новости

Алматы соттарында жаңа тағайындаулар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық сотына судья болып Айман Собетбекқызы Әбілмажинова, Жанна Сәкенқызы Әлтаева, Әсия Надирқызы Құсайынова, Гүлбарам Қуанышқызы Есжанова және Ержан Абдрақымұлы Кененбаев тағайындалды.

Қаланың аудандық соттарында мына өзгерістер жүргізілді: Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына төраға болып Бақытжан Әбдісаттарұлы Тәжіханов тағайындалды, Алматыдағы Медеу аудандық сотына судья болып Рауза Әбілқасымқызы Мұсақожаева және Қанат Қадірұлы Сырлыбаев бекітілді, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа судья болып Ералы Ерзатұлы Бекбаев тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 мамырдағы Жарлығына сәйкес жоғарыда аталған Фемида қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттеріне 2014 жылдың 14 мамырынан бастап кірісті.

Сондай-ақ, кадрлық тағайындаулар Қарағанды облысындағы судьялар корпусында жүргізілді, - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

"№2 кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық жаңа сотқа төраға болып, бұрынғы Саран қалалық сотының судьясы Талғат Шақыпов тағайындалды. Қарағанды облыстық сотындағы судья қызметіне тағайындалғандар: Жақсылық Баймолдин, Ерлан Ермеков, Қарлығаш Нұрмағамбетова, Имран Сағаев", - деп жазылған мәлімдемеде. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай