1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды 27 тамыз 2018, 16:00

Ербол Әбілдинов Алматы метросына жаңа басшы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Ербол Әбілдинов. © metroalmaty.kz Ербол Әбілдинов. © metroalmaty.kz

Ербол Әбілдинов Алматы метросына жаңа басшы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Метрополитен" КМК-де Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының 2018 жылғы 25 тамыздағы бұйрығымен директор тағайындалды. Ол бұрын "Алматыметроқұрылыс" АҚ басқарған Ербол Әбілдинов", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қалалық жерасты метросының жаңа басшысы 54 жаста, Жезқазған қаласында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын (АСҚИ), НАРХОЗ университетін бітірген, сәулетші және экономист мамандығынан бастап, көп лауазымдарда жұмыс істеді. 2017 жылдың наурыз айынан""Алматыметроқұрылыс" АҚ бас директоры лауазымында қызмет атқарды.



Join Telegram