Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматы метросының басшысы жанжалдан кейін жұмыстан кетті

08 Сәуір 2014, 17:46
0
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков

Алматы метросының бастығы Қуат Мұсабеков өз еркімен жұмыстан кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Метрополитен" КМК директорының міндетін атқарушы Айдын Оразханов хабарлады. "Бүгіннен бастап мені директордың міндетін атқарушы қызметіне тағайындады. Оның жай-жапсары бізге әлі белгісіз", - деді Алматы метросының жаңа басшысы. 

Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы міндетін атқарушы Данияр Сиқымбаевтың айтуына қарағанда, тексеру жүргізген арнайы комиссия ұйым қызметкерлерінің жанжалды хатында баяндалған кейбір фактілерді растаған. Еске сала кетейік, ол хатта Мұсабековті "өз туыстарын сүйемелдеп, біліксіздік танытып, ҚР заңдарын бұзып отыр" деп айыптаған болатын. Нақты қандай айып дәлелденді, Сиқымбаев ол жағын ашып айтқан жоқ. "Осыған байланысты "Метрополитен" КМК-на жаңа директор тағайындау туралы шешім қабылданды. Оған Айдын Оразханов тағайындалды. Бұған дейін ол метроның бас инженері қызметін атқарған", - деп түсініктеме берді әкімдіктің өкілі.

Сиқымбаев метрополитеннің штаттық режим бойынша жұмысын жалғастыра беретінін жеткізе отырып, "Жолаушыларды тасымалдау қызметі толық көлемде жүргізілетін болады. Алматы әкімдігі де өз тарапынан метрополитеннің сапалы жұмыс істеуін қадағалауды одан әрі жалғастыра береді", - деді . 

Еске сала кетейік, Алматы метросының қызметкерлері өздерінің басшысын айыптағаннан кейін қалалық әкімдік арнайы комиссия тағайындаған болатын. "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың және Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің атына жолданған хаттан бөлек "Метрополитен" КМК жұмысшылары кәсіподағының төрағасы Мұхтар Үмбетқұлов жеке өзі Алматы метросының директоры өзінің үлкен ұлын станса кезекшісі қызметінен пойыз диспетчері лауазымына ауыстырды деп мәлімдеген. Сонымен қатар, Алматы метросының қызметкерлері де "Мұсабеков қоқан-лоқы жасау арқылы біліктіліктері жоғары бірнеше маманды кездейсоқ адамдарға ауыстырды" - деген болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай