Алматы Наурыз мейрамын қалай тойлады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Алматы жұрты Наурызды тойлап жатыр. ©Светлана Фурман Алматы жұрты Наурызды тойлап жатыр. ©Светлана Фурман

Наурыз мейрамы Алматы қаласындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында тойланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ертеден табиғаттың оянуын білдіріп келген күн мен түннің теңескен күні бұл орынға таңертеңнен бері мыңдаған адам жинала бастады.  

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Наурыз мейрамы Алматы қаласындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында тойланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ертеден табиғаттың оянуын білдіріп келген күн мен түннің теңескен күні бұл орынға таңертеңнен бері мыңдаған адам жинала бастады.  

Наурыз мейрамы Орталық мәдениет және демалыс саябағында тұңғыш рет тойланып отыр. Осыған дейін мегаполис билігі іс-шараларды қаладағы алаңдарда өткізуден бас тартқан болатын. Алматы әкімі Ахметжан Есімов алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, таяуда ғана мемлекеттің меншігіне өткен саябақта болған өзгерістерді бағалауды ұсынды.

 

Наурыз мейрамына орай, саябақ интерактивті және тематикалық демалыс орындарына бөлінді. "Спартак" стадионында түрлі би ансамбльдері мен танымал орындаушылардың қатысуымен мерекелік концерт өтті. Осы жылы Наурыз мейрамы Қазақ хандығының мерейтойына арналғандықтан, көрермендер соған сәйкес театрландырылған қойылымдарды тамашалай алды.  

Саябақ территориясы (44 гектар) "Қазақ ауылы" этно-реконструкциясын, аттардың шоуын және спорт сайыстарын көруге болатындай тең бөлінген. Сонымен қатар, домбыраның қоңыр үнін және тағы да басқа аспаптардың әуенін тыңдауға, қолөнер шеберлерінің дайындаған туындыларын сатып алуға, қазақ халқының салт-дәстүрімен танысуға және наурыз көже, бауырсақ, қуырдақ, палау сияқты тағамдардан ауыз тиюге мүмкіндік берген киіз үйлердің қалашығын айта кету керек.  

Саябаққа келген бүлдіршіндерге де түрлі қызықты шаралар ұйымдастырылды.  

Ал кешкі 19.00-де "Спартак" стадионында "Орда" тобының жеке концерті өтеді де, 21.00-де Көктөбеде мерекелік отшашу болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.07  course up  617.81  course up  6.81  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer