Алматы облысы әкімдігі "крышамен" қорқытқан қызметкерді іздестіріп жатыр

28 Сәуір 2017, 14:47
0
Алматы облысы әкімдігі "крышамен" қорқытқан қызметкерді іздестіріп жатыр - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Талғар ауданында болған жол-көлік оқиғасы түсірілген видеоны зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жол-көлік оқиғасын жасаған көліктің жолаушысы өзін әкімдіктің қызметкері деп таныстырып, адамдарды балағаттап, "крышасымен" қорқытты. Оның бұл әрекеті мемлекеттік қызметтің беделін түсіріп және мемлекеттік қызметтің этикасын бұзып, халық арасында үлкен шу шығарды. Осыған байланысты Департамент өкілдері қызметкердің кім екенін анықтауға қатысты шараларды қолға алды. Сондай-ақ, департамент басшылығы атынан Алматы облысы әкімдігіне видеодағы қызды анықтау мақсатында хат жолданды. Бұл мәселе департамент басшылығының ерекше бақылауында", - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Сымбат Исрапулова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші мен жолаушысы отырған Volkswagen көлігінің қырық минут бойы қашып жүргені жайлы хабарланған болатын. Алматыдан Талғарға дейін қашып барған Volkswagen көлігі жолда тағы екі жол апатын жасаған. Ал ұсталған кезінде жолаушы орнында отырған қыз Алматы облысындағы аудандық әкімдікте жұмыс істейтінін айтып, зардап шеккендерді "крышам" бар деп қорқытқан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай