13 сәуір 2016 18:19

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ult.kz © Ult.kz

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.


Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің бірінші орынбасары болып Ләззат Тұрлашов тағайындалды. Ол 1960 жылы дүниеге келген. Тұрлашов Алматы темір жол транспорты инженерлері институтын "құрылыс инженері" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қаскелең ауданы "Жетісу" кеңшарында құрылыс цехының жұмысшысы болып бастайды. Әр жылдары бригадир, шебер, бас прораб, құрылыс учаскесінің бастығы, кооператив төрағасы, "Алматыагрохим" АҚ бөлім бастығы, Талғар ауданы "Красное поле", "Горный садовод", "Гүлдала" ауылдық округтерінің әкімі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі қызметтерін атқарған. 2011 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети