10 шілде 2017 | 11:30

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіс Тұяқов. © Primeminister.kz Жеңіс Тұяқов. © Primeminister.kz

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке бұған дейін ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарған Тұяқов Жеңіс Шылбынұлы келді. Бұл туралы Primeminister.kz сайты хабарлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке бұған дейін ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарған Тұяқов Жеңіс Шылбынұлы келді. Бұл туралы Primeminister.kz сайты хабарлайды.

Бүгін Алматы облысы активінің жиналысы барысында әкім Амандық Баталов әкімнің жаңа орынбасарын таныстырды.

Жеңіс Тұяқов - Алматы облысының тумасы, 1967 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: "Экономика және менеджмент" мамандығы бойынша экономика және құқық институтын және Алматы мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған.

Тағайындалған әкім орынбасарының орталық және жергілікті атқарушы органдардағы басқару жұмысында тәжірибесі мол.

Әртүрлі жылдары ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры болып жұмыс істеген, Қазақстанның бірнеше өңірінде энергетика және ТКШ салаларында салалық құрылымдарды басқарған.

Бұдан өзге, Жеңіс Тұяқов энергетика саласындағы ұлттық компанияларда басқарушы қызметтер атқарған, сонымен қатар "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" АҚ ("КЕGOC") басқарушы директоры болып жұмыс істеген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети