31 мамыр 2018 17:14

Алматы облысында 350 миллион теңгеге қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Жантекеев Манас © Жантекеев Манас

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талғар ауданында орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талғар ауданында орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Облыс әкімі ескерткішке гүл шоқтарын қойғаннан кейін халық алдында сөз сөйледі. 

"Зобалаң жылдары Қазақстанда 25 мың адам ату жазасына кесілді, халықтың 42 пайызы ашаршылықта қаза болды, миллионнан астам адам ел аумағынан көшіп кетті. Қазақ халқының мықты ұлдары, интеллигенция өкілдері құрбан болды. Лагерьлер, аштық пен депортация олардың өмірін күл-талқан еткенімен, ерік-жігерін мұқата алмады. Елбасының бастамасымен Жаңалық ауылында осы ескерткіш тұрғызылды. Жыл сайын біз осы жерде жазықсыз жапа шеккендерді еске алу митингіне жиналамыз. Дәл осы жерде төрт мыңнан астам құғын-сүргін құрбаны көмілген", - деді Амандық Баталов. 

Сонымен қатар, ол Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей ашылатынын мәлімдеді. Музейдің аумағы 535 шаршы метр болады және 350 миллион теңге қаржы бөлінеді. 

"Осыған байланысты Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында жергілікті бюджет есебінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап музей салу шешімі қабылданды. Қазіргі уақытта отандық тарихшылар экспозиция дайындап жатыр және қажетті барлық материал жиналу үстінде. Аз ғұмырында азаттықты армандаған арыстарымыздың рухы өшпесі анық, олардың алдында бас иіп тағзым етеміз. Ұрпақтарына ұзақ та, ғибратты ғұмыр тілейміз. Тарихтан тәлім алып, жаңа заманға нық қадам басқан тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын, бірлігі бекем болсын, рақмет сіздерге" - деп аяқтады сөзін облыс әкімі. 

Жиынға құғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары да қатысып, ескерткішге гүл шоқтарын қойды. Ал облыс әкімінен кейін Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров сөз сөйледі. 

"Бүгінгі жиынға келген барлықтарыңызға алғыс білдіремін. Жыл сайын осы жерге жиналып, бабаларымыздың рухына тағзым етеміз. Ел үшін жанын қиған адамдарды осылай ұмытпай, еске алуға қатысып, осындай мүмкіндік жасап отырған билік өкілдеріне де рақмет айтқым келеді", - деп алғысын білдірді ол. 


Мұхаметжан Тынышпаевтың жиені, қоғамдық қордың президенті Нұршакенқажы Жүнісқызы

Шара соңында ауыл мешітінің имамы құран бағыштап, шелпек таратылып, ас берілді.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында тұрғызылған. 1937-38 жылдары құғын-сүргіннің кей құрбандарын Алматыдан 37 шақырым жердегі осы елді мекеннің маңына әкеліп, жазалаған және көмген екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети