30 маусым 2017 | 15:12

Алматы облысында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жинақтаушы салымдар ашылды

Талдықорғандағы "Айналайын" балалар үйінде мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен мекеменің жаңа тәрбиеленушілеріне білім алу үшін  жинақтаушы салымдары ашылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы орталығы" АҚ менеджері Алпамыс Сатыбалдин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық Коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғандағы "Айналайын" балалар үйінде мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен мекеменің жаңа тәрбиеленушілеріне білім алу үшін  жинақтаушы салымдары ашылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы орталығы" АҚ менеджері Алпамыс Сатыбалдин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық Коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін біз Алматы облысына үлкен мақсатпен - Жастар саясаты мәселелері басқармасы өкілдерімен меморандумға қол қою үшін және "Айналайын" балалар үйінің тәрбиеленушілерінің атына салым ашу үшін келдік. Білім беру несиелерін ұсынатын мемлекеттік бағдарламаның жыл сайынғы пайыздық мөлшерлемесе 10 пайыз, 12 жыл уақытқа дейін беріледі. Бұл оқуға ақша төлеуге көмек көрсету үшін жасалып отыр. Қазіргі уақытта бұл бағдарлама тек бізде емес, сондай-ақ, шетелде де жүзеге асырылып жатыр. Салымшылардың да саны көбейіп жатыр. Бүгінде 17 000 қазақстандықтың білім алуға арналған салымы бар", - деді Алпамыс Сатыбалдин.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұл Алматы облысы "Қаржы орталығының" бірінші жобасы емес. Қазірдің өзінде "Айналайын" балалар үйіндегі 130 тәрбиеленушінің 120-сында жинақтаушы салымдары бар. Ал биыл қалған оқушыларға да салым ашу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, баспасөз конференциясы барысында қаржы орталығының өкілдері "Айналайын" балалар үйінің тағы 7 тәрбиеленушісінің атына "Нұр Банк" арқылы депозиттердің ашылғанын мәлімдеді. Банк қызметкерлері балаларға сыйлықтарын өздері ұсынды.

Қаржы орталығы мен Алматы облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная