24 қазан 2016 14:53

Алматы облысында белгісіз жағдайда жаңа туған екі нәресте қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© malish-nash.ru © malish-nash.ru

Қаскелең перзентханасында туылғаннан кейін екі апта өткен соң нәресте қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 4 қазанда туылған қыз үшемнің бірі болған.


Қаскелең перзентханасында туылғаннан кейін екі апта өткен соң нәресте қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 4 қазанда туылған қыз үшемнің бірі болған.

4 қазанда үшем босанған Айгүл Ысқақованың әпкесі екі қыз бір үл босанғанын айтты. Қызды инкубаторға орналастырған, себебі дәрігерлердің айтуынша ол әлсіз болып туылған. Алайда, ешкім оның денсаулығына қауіп қатер барын айтпаған, - деді сұхбаттасушы. 

"Айгүл күйеуіне қоңырау шалып,  баланың денсаулығы нашарлағанын айтқан. Белгісіз біреу инкубаторды ашып, баланы қолына алған, бірақ бұл жағдайды ешкім көрмеген. Біз білмейміз, камералар жоқ. 22 қазанда, яғни сол күні қыз бала қайтыс болды", - деді Гүлбаршын Ысқақова. 

Сонымен қатар тағы бір босанған әйелдің сәбиінің қайтыс болғаны белгілі болды. Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің басшысы Динара Лұқпанова екі жағдайды да растап берді. Оның айтуынша, үшемді босанған әйел 10 баланың анасы.

"Қыз бала өте әлсіз болып туылған, небәрі 1,5 келі болған. Оны инкубаторға орналастырған, бірақ оның неліктен қайтыс болған тексерістен кейін белгілі болады", - дейді ол. - Егер медқызметкерлердің кінәсі болса, әрине олар жазаланады, олар жауап береді, бірақ қазіргі уақытта қандайда бір шешім шығару ерте. Екінші жағдайда болған. Әйел адам жеті айлық кезінде босанған, сондықтан нақты жауап кейінірек болады. "Біз брифинг ұйымдастыратын боламыз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети