21 наурыз 2017 11:56

Алматы облысында екі миллионыншы тұрғын туылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен Сурет Алматы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында өңірдегі екімиллионыншы тұпғын дүние есігін ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында өңірдегі екімиллионыншы тұпғын дүние есігін ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нәресте Есік қаласында орналасқан аудандық перзентханада туылды. Оның ата-анасы Диас Шорманов пен Жарқынай Еменақынова, екеуі де білім беру саласында жұмыс істейді. Шормановтар отбасын осы қуанышымен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы келіп құттықтады. 

"Мен сіздердің ұлды болуларыңызбен құттықтаймын. Ол барлығымыз үшін ерекше жан. Ол Алматы облысындағы ресми санақ бойынша екімиллионыншы тұрғын болып саналады. Сәбидің дені сау, ақылды болып өсе берсін. Сіздің отбасыңыңызға бар жақсылықты тілеймін. Мемлекет ата-ана болу ниеті бар адамдарды әрдайым қолдайды. Екімиллионыншы балаға біз арнайы сыйлық дайындадық - Есік қаласынан пәтер. Бұл жақсы жаңалық, біздің өңірде демографиялық қауіпсіздік орнап, адам саны өсіп жатыр", - деді Баталов. 

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері күн сайын Еңбекшіқазақ ауданында шамамен 15-18 бала дүниеге келеді екен. Облыс бойынша осы ауданда бала туу көрсеткіші жоғары. 2014 жылы ашылған перзентханада осы күнге дейін 45 650 бала дүние есігін ашқан.    

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети