02 қыркүйек 2017 11:17

Алматы облысында жаңа саябақ ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Туған жер" бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылында демалыс саябағы ашылды. Шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Туған жер" бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылында демалыс саябағы ашылды. Шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бағдарламалық мақаласында "Патриотизм ең алдымен туған жерге, өз ауылына, қаласына, өңіріне және кіші отанына деген сүйіспеншіліктен бастау алады" деген болатын. Осы сөзді алға тартқан Жетісулық кәсіпкерлер Мемлекет басшысының "Туған жер" бағдарламасын іске асыруға жұмыла кірісіп кеткендігі көпшілікті қатты қуантты. Мемлекет басшысының тапсырмасын жоғары деңгейде атқарып жүрген кəсіпкелер жұмысына өз ризашылығын білдірген Алматы облысының басшысы Амандық Ғаббасұлы саябақтың ашылуына келген ауыл тұрғындарын құттықтады.

"Бүгінгі күні Жетісу өлкесінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға өлшеусіз үлесін қосып келе жатқан Алматы облысында туып өскен есімі елге тараған атақты меценаттардың бары белгілі. Осы тұста "Туған жер" бағдарламасы аясында ең алғашқы жоба дәл осы Еңбекшіқазақ ауданында жүзеге асырылып жатқандығын ерекше атап өткен жөн. Бұл баршамыз үшін жақсы үлгі болмақ. Осындай игі істер облысымыздың өзге де аймағында ұлтжанды азаматтардың қолдауымен атқарылады деп ойлаймын. Баршаңызды тағы бір мәрте осынау әсем демалыс саябағының ашылуымен шын жүректен құттықтап, әрбір істеріңізге сәттілік тілеймін", - деді аймақ басшысы.

Берекесі мен бірлігі жарасқан Ащыбұлақ ауылында салынған жаңа демалыс саябағын салуға Сабировтар отбасының сіңірген еңбегі зор. Олар жоғары технологиямен жемістер мен көкөністерді өсірумен айналысатын "Amal BIO" ЖШС-нің меншік иесі. 1 гектар аумақты құрайтын саябақта шағын футбол, стритбол жəне балаларға арналған  ойын алаңдары бар. 130 орынға арналған концерт залы да қазіргі заман талабына сай жасалған.

Саябақтың барлық аумағы абаттандырылған, жарықтандырылған, 100-ден астам жас көшеттер мен декоративті гүлзарлар отырғызылған. Аталған жобаны іске асыруға меценаттардың өз қаражаты есебінен 30 млн. теңге қаражат бөлінген.

"Туған жер" бағдарламасына қосатын үлес мұнымен тоқтап қалмайтынын айтқан Сабировтар отбасының болашаққа құрған жоспары көпке үлгі болмақ.  Олар алдағы уақытта Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Жаңа тұрмыс жəне Қазақстан ауылдарында да дәл осындай демалыс саябақтарын ашуды жоспарлауда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети