06 қаңтар 2019 10:52

Алматы облысында жаңа тау-шаңғылы кешен ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы облысы әкімдігінің сайтынан Сурет Алматы облысы әкімдігінің сайтынан

Алматы облысы Талғар ауданында курортты тау-шаңғы базасы ашылды, - деп хабарлайды "Хабар 24".  Курортты база тәулігіне 5 мыңнан аса адамға қызмет көрсете алады. 


Алматы облысы Талғар ауданында курортты тау-шаңғы базасы ашылды, - деп хабарлайды "Хабар 24".  Курортты база тәулігіне 5 мыңнан аса адамға қызмет көрсете алады. 

Теңіз деңгейінен 1820 метр биіктікте орналасқан шаңғы базасының трассасы 13 шақырым. Демалушылардың тамақтануына және барлық спорттық жабдықтарды жалға алуына болады. Бұл орталық болашақта тек Қазақстан ғана емес, әлемнің әр бұрышынан туристер көптеп келетін үлкен орталыққа айналады деген үміт бар.

Жалпы аумағы 50 гектар жерді алып жатқан бұл базада бірнеше шаңғы жолдары бар. Демалыс орнында кәсіпқойлармен қатар әуесқой сырғанаушылар үшін де барлық жағдай қарастырылған. Жаңадан келгендерді шаңғы тебуге үйрететін арнайы орталықтары жұмыс істейді. Алатау бөктерінде орналасқан алып кешенге Талғар күрежолының бойынан автобустар қатынайды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Амандық Баталов барып қатысты. 

"Алматы облысының осы жылғы мүмкіндігі мен туристерді қабылдауы аяқталды. 2 миллионнан аса туристер келіп кетті. Ішкі туризмде шетелден келген туристер. Олар өздеріңіз білесіздер, Шарын каньоны бар, Көлсай көлі бар. Енді Алматы облысында керемет таңқалатын жерлер көп қой. Соның санын біз осындай туристік орталықтардың арқасында 4 миллионан астам жасаймыз деген жоспарымыз бар", - дейді Амандық Баталов.

Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кешен аумағында 15 түрлі жолақтар бар,оның ішінде шаңғы, скейтборд және үрлемелі баллондармен де сырғанауға мүмкіндік бар. 

Инсвесторлар осы курортқа 60 миллион доллар салған. 

"Ой-Қарағай - Лесная сказка" кешенін болашақта 40 шақырымға жеткізу жоспарланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети