25 қараша 2019 09:33

Алматы облысында жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 25 қарашада жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында 25 қарашада жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жер асты дүмпуі таңғы 8.19-да тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі - Алматы қаласынан шығысқа қарай 254 шақырым жерде Райымбек ауданы Қарасаз ауылынан 20 шақырым жерде (таулы аймақта) орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық классы - 8.5. MPV Магнитудасы - 3.6. Тереңдігі - 20 шақырым.


Сурет өңірлік ТЖД баспасөз қызметінен

"Ақпаратты алғаннан кейін Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, ТЖ, ЖКО, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарға хабарланған. Ғимараттар қирап немесе зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ", - делінген ТЖД хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети