17 шілде 2017 | 10:47

Алматы облысында жер учаскесін рұқсатсыз иемденудің 20 дерегі тіркелді

© Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында биыл жер учаскесін рұқсатсыз иемденудің 20 дерегі тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы облысының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының жетекшісі Асқар Жолдоғұтов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында биыл жер учаскесін рұқсатсыз иемденудің 20 дерегі тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы облысының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының жетекшісі Асқар Жолдоғұтов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында басқарма назарды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттің иелігіне қайтаруға және қолданылмай жатқан жерді тартуға бұрып отыр. Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша облыста жалпы 2015-2016 жылдар аралығында қолданылмай жатқан 331,2 мың гектар жер анықталған. Алайда қажетті шаралар қабылданып, 40,2 мың гектар жер мемлекеттің иелігіне қайтарылған, 202,5 мың гектары қолдануға берілген, ал 13,4 мың гектары иесі жоқ мүлік есебінде тұр.

Реклама
Реклама


Асқар Жолдоғұтов. © Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлермен қатар басқарма мемлекеттің иелігіндегі рұқсатсыз иелік етілген жерлерді бақылап отыр, бұл жер учаскелеріне инспекциялық тексеріс жүргізілген.

"Жүргізілген жұмыстардың қорытындысынан 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы облысында жер учаскелерін рұқсатсыз иемденудің 20 дерегі тіркелгенін анықтадық, оның жалпы ауданы - 143,6 гектар. Бұл құқықбұзушылықтар бойынша 5 785 950 сомаға айыппұл салу түріндегі әкімшілік шара қабылданып, заңбұзушылықтарды жою тапсырылды, рұқсатсыз алынған жер учаскелерін қайтару Басқарманың бақылауында", - деді Асқар Абдуллаұлы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная