Алматы облысында жұмыстан қуылған 36 ұстаз мектепке басып кірмек болды

19 Сәуір 2017, 10:33
0
Алматы облысында жұмыстан қуылған 36 ұстаз мектепке басып кірмек болды -

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты ауылдың бірінде мектеп мұғалімдерін жаппай жұмыстан қуып жатыр, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Былтырдың өзінде 36 ұстаз қызметтерінен кеткен.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, мектеп директоры Табыс Абайханов өз лауазымын асыра пайдаланған көрінеді. Тіпті, жұмыстан кеткен мұғалімдермен ауыл тұрғындары бірігіп арызданса да құлақ асқан құзырлы орган болмаған.

Бес мыңға жуық түтіні бар Қайназар ауылының тұрғындарының мектеп директорымен соттасып келе жатқанына екі-үш жыл өтіпті. Тұрғындар дегеніміздің көбі бұрынғы мұғалімдер. Алайда нәтиже шығара алмай жүр. Ашуға булыққан жұртшылықтың сөзінше, білім орда басшысы жыл сайын ұстаздарды түрлі сылтаулармен жұмыстан шығаратын көрінеді. Тіпті, үлгерімдері төмен оқушыларды мектепте оқытпайтын көрінеді.

"Шындығын айтқанда, менің қызым суицидқа дейін барды. Екі көзі қып-қызыл болып кетіп, жатын бөлмесінің есігін бернеше күн іліп алды. Бұның барлығына кінәлі мектеп директоры. Себебі балаларды оныншы, он бірінші сыныпқа жеткізбей қуып жібереді", - деді Қайназар ауылының тұрғыны Бейсенгүл Байсабеков.  

"2016 жылы 36 ұстазды жұмыстан қуды. Осыдан көруге болады жемқорлық екенін. Бұл мектептен кеткен ұзтаздар көршілес ауылдарға барып жұмыс істеуде. Масқар ғой бұл!", - деді Қайназар ауылының тұрғыны Ынтымақ Байбатыров.

Әділдік іздеген жұртшылық Еңбекшіқазақ ауданық соты мен прокуратурасына, Алматы облысы білім басқармасына да шағымданған. Бірақ көптің көңілі көншитін іс тынбаған. Тек мектеп директоры үш айға жұмысынан алынып, жуырда ғана үйреншікті қызметіне қайта жайғасқан.

"Орнына жаңа директор келіп тыныштық орнаған еді. Алайда барлық тексерістен өтіп, өзінің минустары дәлелленіп тұрып, қайта директорлық қызметке жайғасқаны масқара ғой. Біз бүткіл ауыл болып осыған қарсы шығып отырмыз", - деді  Қайназар ауылының тұрғыны Гүлнар Еркенов.

Он жылдан бері мектеп директорлық қызметінде отырған Табыс Абайхановтың өз аузынан мәселенің мән-жайын білуге журналистер арнайы барыпты. Алайда, себебін анықталмапты. Жаңа тағайындалған басшы жұмыс орнында жоқ болып шыққан. Ал, білім ордасының есігінен қарауға да мүмкіндік берілмепті. "Мемлекеттік мекемені жеке меншігіндей көргендер есігін басып алды", - дейді журналистер.

"Нақты өзінен сұраңыздар қайда жүргенін. Демек журналистердің келгенін естіп кетіп қалып отыр ғой? Ол жағын білмедім. Ол өз жұмысын біледі, ұйымдастырушылық қабілеті бар. Халықпен қарым-қатынасы қалай болып жатқаны белгісіз. Сонда халықпен не қарым-қатынас болып жатыр?", - деді Еңбекшіқазақ ауданы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Раушан Низамова.

Бүгінде Шоқан Уалиханов атындағы бұл мектепте 800 оқушы екі ауысыммен білім алады. Басшымен ұстаздардың арасындағы даудың басталғанына 3 жылдай уақыт болған. У-шудың кесірінен оқушылардың оқу үлгерімі төмендеп кетті деген ата-аналар енді бас прокуратураға шағымданбасқа амалымыз қалмады деп отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай