Алматы облысында жыл басынан бері 500-ге жуық кәмелетке толмаған қыз жүкті болып қалған

06 Желтоқсан 2016, 11:44
1
Алматы облысында жыл басынан бері 500-ге жуық кәмелетке толмаған қыз жүкті болып қалған -

Алматы облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен жүктілік саны артқан. Бұл туралы өңір әкімінің орынбасары Жақсылық Омар айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2015 жылдың 11 айында жасөспірімдер жасаған 183 қылмыс тіркелген. Биыл жыл басынан бері 284 осындай дерек анықталды. Әсіресе, Еңбекшіқазақ, Райымбек және Талғар аудандарында қылмыстың саны өсіп жатыр. Бұл дегеніміз білім беру саласындағы тәрбие жұмысының дұрыс жүргізілмей жатқанын көрсетеді", - деді Жақсылық Омар.

"Денсаулық сақтау басқармасындағылардың мәліметінше, биыл жыл басынан бері 437 жасөспірім қыз жүкті болып қалған. Олар - 15-17 жас аралығындағы қыздар. Солардың 391-ы босанды. Міне, осы мәселеге назар аудару керек. Мұнда жұмыс ата-аналар комитеті мен басқа да қызметтердің көмегімен жүргізілуі керек", - деді әкімнің орынбасары.

Айта кетейік, Қазақстанда 2013 жылдан бері кәсіпкерлердің қолдауымен әр өңірде "Аналар үйі" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба жүкті болып қалған, бірақ кәмелетке толмаған қыздарға көмек көрсетеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай