Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматы облысында көлік қағып кеткен әйел мен оның қызының жағдайы оңалып келеді

28 Қазан 2015, 14:45
0
YouTube видеосынан алынған кадр
YouTube видеосынан алынған кадр

Алматы облысында жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кеткен әйел мен оның қызының жағдайы жақсарып қалды. Олар жансақтаудан жалпы бөлімге ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Іле аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары Артур Қажыбаевқа сілтеме жасап.

"Қыздың анасы Василина Петрова жансақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылды. Ал қыз - өңірлік балалар ауруханасында. Ол да травматология бөліміне ауыстырылды, қыз баланың жанында әкесі бар. Операция жасаудың қажеті болған жоқ, дәрігерлер толық емдеуден өткізіп жатыр. Зардап шеккендер ауруханада ең кемі 10 күн жатады", - деді ол.

Еске сала кетейік, жол апаты Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылында 26 қазан күні күндіз болды. Әйел қызымен бірге жаяу жүргіншілер жолағы арқылы жолдан өтіп бара жатқан. Осы кезде оларды BMW автокөлігі қағып кетті, жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағына жақындағанда жылдамдықты азайтпаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Кейін көлік тізгінінде 1994 жылғы жігіттің болғаны анықталды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай