12 мамыр 2018 | 13:00

Алматы облысында құлаған Як-12 ұшағы: Апаттың себептері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр @kris_p_almaty/Instagram Видеодан алынған кадр @kris_p_almaty/Instagram

2017 жылы 27 шілдеде Алматы облысында Як-12М әуе кемесімен болған апатты тексеру жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2017 жылы 27 шілдеде Алматы облысында Як-12М әуе кемесімен болған апатты тексеру жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі уәкілетті орган 2017 жылғы 27 шілдеде Алматы облысының Шолақай елді мекені маңында "Казавиа" ЖШС-нің, борт нөмірі UP-LA127, Як-12М әуе кемесімен болған адам өліміне әкелген авиациялық оқиғаны тексеруді аяқтады. Әуе апатының негізгі себебі әуе кемесінің рұқсат етілмейтін шағын биіктік пен ұшу жылдамдығында әуе кемесінің маневрлерді (рұқсат етілген ең жоғары ораммен бұрылу) орындауы болып табылады. Осындай маневрлер, сондай-ақ ұшақты басқару кезінде ұшу биіктігі мен жылдамдығын бақылауды жоғалтудың салдарынан ұшу биіктігінің жоғалуына және әуе кемесінің жер бетімен оң жағымен соқтығысуына алып келді", - делінген хабарламада.

Әуе кемесінің жер бетімен соқтығысуы нәтижесінде ұшақ құрылымы бұзылып, өрт шықты, соның нәтижесінде ұшқыш пен жолаушы (шаруа қожалығының өкілі) қаза болды.

"Бұдан басқа, авиациялық оқиғаны тексеру барысында келесідей ықпал етуші факторлар мен кемшіліктер анықталды:

* әуе кемесі командирінің ұшу алдындағы демалыс кезінде алкогольді асыра пайдалануы, бұл ұшудың қауіпсіз орындалуын және аяқталуын қамтамасыз етпеді;

* ұшақты басқаруға жолаушының әдейі емес араласу мүмкіндігі (ұшақ екі жақты басқару элементтерімен жабдықталған);

* әуе кемесі командирінің осы әуе кемелеріне арналған рұқсат етілген массадан асатын массамен ұшуы;

* ұшқыш кабинасында ұшу тапсырмасын орындауға байланысы жоқ бөгде адамның болуы.

"Тексеру қорытындысы бойынша ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне "Казавиа" ЖШС авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктерді қайтару және экипаж мүшелерінің ұшу алдындағы демалыс режимін сақтау, сондай-ақ ұшу тапсырмасына қатысы жоқ рұқсат етілмеген тұлғалардың әуе кемесінің кабинасында болуына жол бермеу бөлігінде базалық аэродромдардан тыс жерге отырғызу алаңдарында әр түрлі әуе жұмыстарын орындайтын әуе кемелерінің пайдаланушыларына бақылауды және қадағалауды күшейту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды", - деді ведомстводағылар.

Сонымен қатар, болашақта осындай апаттардың алдын алу үшін профилактикалық шараларды қабылдау үшін ұшақ пайдаланушыларына апатқа ұшыраған Як-12М ұшағының тексеру нәтижелерін жеткізу ұсынылады.

Еске сала кетейік, 2017 жылы 27 шілдеде Алматы облысы Жаркенттен 10 шақырым жерде ЯК-12 ұшағы апатқа ұшырады, ол "Қазавиа" әуе компаниясына тиесілі болған. Апаттан екі адам қаза болды. Ұшақ әуеден химиялық шашу жұмыстарын жүргізген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети