Алматы облысында "Мәңгілік Ел - мәңгілік отбасы" атты облыстық байқау жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Дәстүрге айналған шараның міндеті мен мақсаты туралы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен басқосуда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айдын Нұрмұхамбетов айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы, "Жас Отан" ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтетін шараның мағынасы терең. Жастар жаңадан бас қоса салысымен отбасылық құндылықтарды құрметтей білуі керек. Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, осыш байқау 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мұндағы мақсат - жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге шақыру, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын сақтай отыра, достығы ұйыған әулеттерді жан-жақты насихаттау және жастарға патриоттық тәлім тәрбие беру. Жас отбасылар арасындағы бәсеке былтырғы жылы Көксу ауданы Балпық би ауылындағы "Асмадирус" демалыс орталығында өтсе, биыл Талдықорған қаласындағы "Ерасыл" демалыс орнында өткізіледі деп жоспарланған.
"Байқауға қатысатын жас отбасылардың жас мөлшері 20 мен 30 жастың аралығында болуы керек. Байқауға қатысушылар "Жүйрік болсаң, шауып көр", "Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер" кезеңдері бойынша бақ сынамақ. Облыстық байқауға жолдама алу үшін әр ауданда іріктеу өтті. Тек сол кезеңдерде жеңімпаз атанған жас отбасылар облыстық байқауда өз бақтарын сынайтын болады. Жүлде қоры да жақсы қарастырылған. Бас жүлдеге аранайы сертификат тапсырамыз. Яғни, сол арқылы жеңімпаз атанған жас отбасы "ТехноДом" сауда үйінен тұрмысқа қажетті заттарды ала алады, - дейді басқарма басшысы Айдын Нұрмұхамбетов.
Айта кетейік, байқауға қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді. Өткен жылы 9 отбасы қатысса, биыл 16 отбасы қатысуға ниет білдіріп отыр. Бүгінде бақ сынап көргісі келген үміткерлерді тіркеу жұмыстары жүргізілуде.