20 сәуір 2017 14:07

Алматы облысында пранк-акция өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл ҚР Қарулы Күштеріне 25 жыл толуына орай Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі осы айтулы шараға орай облыс орталығында "Ел қорғайтын сарбаз бол!" атты пранк-акция ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Биыл ҚР Қарулы Күштеріне 25 жыл толуына орай Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі осы айтулы шараға орай облыс орталығында "Ел қорғайтын сарбаз бол!" атты пранк-акция ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Яғни, қаннен-қаперсіз өз алдына кетіп бара жатқан жастарға тосыннан микрофон ұсынылып, оларға әскер, Отанды қорғау, патриотизм тақырыбында сауалдар қойылды. "Әскер қатарына баруға дайын емеспін әзір", - деген жауап алынса, оны аяқастынан пайда бола кететін екі әскери қызметкер еркінен тыс жетектеп ала жөнеледі.

Акция барысында жігіттерге әскери мамандар тарапынан әскердің мән-маңызы, талап-міндеті егжей-тегжейлі түсіндіріліп, оған қосымша ақпараттық буклеттер ұсынылды. Бұл акцияның ерекшелігі сонда, ондағы осы іс-әрекеттер түгел жасырын камерамен түсіріліп тұрды. Демек, барлық іс-әрекет шынайы болды деген сөз.

"Көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны басталғаны баршамызға аян. Еліміздің ертеңі саналатын бозбалалар Отан қорғауға дайын ба, ынтасы қай деңгейде? Қуанышқа орай, пранк-акция кейіпкері болған 30-ға жуық жігіттің бәрі әскери борышын өтеуден еш қашпайтындықтарын, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, елдің амандығын, шекараның бүтіндігін қалайтындықтарын білдіріп жатты", - дейді пранк-акция жобасының авторы Ерасыл Толымбекұлы.


Суреттер: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңа форматтағы акцияға Қазақстанның белгілі пранкерлері, танымал Jokeasses блогерлер командасы шақырылып, Алматы облысының Қарулы күштері дапартаменті мамандары да қолдау көрсетті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети