20 мамыр 2020 17:46

Алматы облысында саунада демалған прокурор қызметтен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

ТЖ режимі кезенді әріптестері және судьялармен саунада демалған Алматы облысында Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ТЖ режимі кезенді әріптестері және судьялармен саунада демалған Алматы облысында Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер растады.

"Ол жұмыстан шығарылды", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Бұған дейін Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов роликке түсіп қалған Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д. Сейітовтің уәкілеттігін тоқтатқан болатын.

Еске салайық, саунада түсірілген видео желіде мамыр айының басында тарады. Оның авторы саунаның ішін түсіріп, Алматы облысы аудандық сотының судясы және аудандық прокурор демалып жатқанын айтады.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер түсірілген видеоға қатысты түсінік беріп, "оны Б. есімді ер адам түсіргені белгілі және оның сот жүйесіне еш қатысы жоқ" деп мәлімдеген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети