Алматы облысында "Серпін" бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды

27 Шілде 2017, 15:07
0
Алматы облысында "Серпін" бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды -

Алматы облысында "Серпін" бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде бұл бағдарлама бойынша бүкіл республика бойынша 12 000 студент оқып жатыр. 22 жоғары оқу орны таңдалды. Айта кетейік, таңдалған оқу орындары еліміздің үздік ЖОО-ларының қатарына кіреді. Өңірлерде құжаттарды қабылдау басталды.

23-30 шілде аралығында Талдықорған мен Алматы облысында құжаттарды қабылдау рәсімі өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі кезінде белгілі болды.

ҚР БҒМ "Серпін" Ұлттық жобалар басқармасының басшысы Күлзия Тобатаеваның айтуынша, Алматы облысында  "Серпін" мемлекеттік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл бағдарлама арқылы жастар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандықтарды оқып, кейін жұмысқа тұра алады.

"2017-2018 оқу жылына 720 білім беру гранты бөлінді. "Серпін" мемлекеттік бағдарламасымен бірге қызмет ететін тағы екі оқу орны қосылды. Биыл алғаш гранттарды алғаш студенттер оқу бітіреді. Сондай-ақ, бағдарламаның осындай ауқымды деңгейінің арқасында біз келесі жылы магистранттарға да грант бөлуді жоспарлап отырғанымызды айтып өткім келеді. Құжаттарды қабылдау тек 2018 жылдан басталады", - деді ҚР БҒМ "Серпін" Ұлттық жобалар басқармасының басшысы Күлзия Тобатаева.

Айта кетейік, осы бағдарлама бойынша білім алып жатқан студенттерге мемлекет шәкіртақы төлейді және оларға уақытша тегін жатақхана беріледі. Сондай-ақ, студенттерге жылына бір рет түрлі шығындары ақша беріледі.

Еске сала кетейік, колледж студенттеріне Қытайда тәжірибеден өтуге мүмкіндік бар. Грантқа ие болған әр студент шетелде оқып келе алады.

Бүгінде осы бағдарламамен оқып жатқан 22 студент Польшаға барып келді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта студенттер Болгарияға оқуға дайындалып жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай