Алматы облысында шешесі төрт баласын тастап кеткен

16 Мамыр 2017, 13:22
0
Алматы облысында шешесі төрт баласын тастап кеткен -

Алматы облысында шешесі төрт баласын тастап кеткен. Полицейлер балаларды Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласында орналасқан аудандық орталық ауруханаға жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Дәрігерлердің айтуынша, әбден тозған киім киген әрі кірлеп кеткен балалардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. "Жағдайлары қанағаттанарлық. Олардың үлкені жетіде, бірақ ол мектепке бармайды екен. Тағы екі қыз бар: біреуі үште, екіншісі бір жарым жаста. Ал кенже бала екі айлық. Полицейлердің айтуынша, олардың шешесі ішімдікке құмар, ол балаларына 3 мамырдан бері қарамайды екен. Полицияға балалардың әжесі хабарласқан, кейін құқық қорғау органдары балаларды бізге алып келді", - деді Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының директорының орынбасары Гүлнар Құраметова. 

Балалар ауруханада бір аптаға жуық уақыт болады, кейін оларды қамқоршылық органдары алып кетеді. Аудандық әкімдіктің өкілдері бұл мәселенің ерекше бақылауда екенін хабарлады. Қазіргі уақытта балалардың үйі тексеріліп жатыр екен. Жиналған барлық материал кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға беріледі, онда осы мәселе шешіледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай