Алматы облысында сұлулық салонының қызметкері жоғалып кетті

13 Маусым, 09:30
0
Алматы облысында сұлулық салонының қызметкері жоғалып кетті - © КТК
© КТК

Алматы облысында сұлулық салонында істейтін әйел ұшты-күйлі жоғалып кетті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, сұлулық салонында косметолог болып істеген әйелдің мойнындағы қымбат алқасы мен үнемі сөмкесінде алып жүретін қомақты қаражатына бола қылмыскерлердің құрбаны болды ма деп туыстары алаңдап отыр. Көкқайнар ауылының тұрғыны соңғы рет тұңғыш қызына хабарласып, үйіне бара жатқандығын ескерткен. Содан бері ешқандай ақпарат жоқ.

Ал сұлулық салонының қызметкерлері оның күнделікті уақытында үйіне қарай бет алғандығын айтып отыр.

"Ол жұмыстан ерте кететін. Біз 10-да шықсақ, ол шамамен 8-де жұмыстан шығады. Сол күні 8-30-ға дейін сұлулық салонының жиналысына байланысты кешігіп шықты. Бейнебақылау камераларынан көрсек, бірінші дүкенге кіріп, содан кейін автобусқа отырып кеткен. Осыдан кейін ешқандай хабар алған жоқсыз", - деді сұлулық салонын қызметкері Маржан Рысқалиева.

Туыстары Батура Мамедова тік мінезді екенін айтып отыр. Бәлкім біреумен шекісіп қалуы да мүмкін екендігін алға тартты. Алайда жұмыс пен үйдің арасындағы бір жарым сағаттық жолда қандай жағдай боп қалуы мүмкін екендігін әлі күнге дейін білмей дал.

Телеарнаның мәліметінше, қазіргі уақытта екі қызы мен туыстары ауыл маңын және көрші елді-мекендердің барлығын аралап шыққан. Бірақ еш нәтиже болмай отыр. Енді еріктілер де Батураны табуға көмектеспек. Сонымен қатар, бірден арыз жазған туыстары ең елғаш бұл іспен Түркісіб ауданының ішкі істер бөлімі айналысып, енді іс Алматы облысындағы құзырлы орындарға тапсырылыпты деп отыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай