28 қаңтар 2016 15:50

Алматы облысында тікұшақ апатынан қаза болғандардың жанұяларына миллион теңгеден беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында тікұшақ апатынан қаза болғандардың жанұяларына миллион теңгеден беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысында тікұшақ апатынан қаза болғандардың жанұяларына миллион теңгеден беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, тікұшақтың құлаған орны табылған кезде облыс әкімі оқиға болған жерге дереу жетті. Жерлеу рәсім ұйымдастыруға тапсырма беріліп, қаза болғандардың жанұяларына бір миллион теңге көлемінде көмек көрсету туралы шешім қабылданды. 

Сонымен бірге, әкімдіктегілер ҚР ҚК 344-бабының 1-бөлігі "Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі
немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады, ол сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде тіркелген. 

"Бортта 1967 жылғы ұшқыш Виталий Кондратюк болған, ол Таразда жанұясымен тұрып жатқан. Артында 1970 жылғы әйелі Самира Кондратюк, 1994 жылғы және 2002 жылғы балалары балалары қалды. Ұшқыштың жалпы ұшқан уақыты 3050 сағат. Сонымен бірге, бортта дәрігер-гематолог Қайсанова Бақытгүл Иебекқызы болған, ол Ақу ауданындағы Абай ауылында тұрып жатқан. Фельдшер Хамитова Гүлнұр Нұрланқызы, Талдықорғанда тұрып жатқан, Әбілқасым Қарлығаш Мырзағалиқызы, ол Алакөл ауданындағы Қайнар ауылында тұрып жатқан және оның қызы Әбілқасым Бағым Бағланқызы, 2015 жылы дүниеге келген", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Еске сала кетейік, Алматы облысында 27 қаңтарда тікұшақтың жоғалып кеткені хабарланған еді. Комитет өкілдері 27 қаңтарда Астана уақыты бойынша 17.47-де Алматы облыстық ТЖД-ның Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 15.45-те Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ауруханаға "Аспан" акционерлік қоғамының меншігіндегі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағының науқас баланы алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін айтқан болатын.

Бүгін таңғы сағат 8.20-да Қапал елді мекенінен 3 шақырым жерде тікұшақтың бөліктері табылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети