06 ақпан 2014 15:05

Алматы облысында төтенше ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алматы құтқару қызметі" мекемесіне сілтеме жасап. "6-8 ақпанда ауа-райының күрт төмендеуіне байланысты Алматы облысының жекелеген өзендерінде мұздың бетіне су көп жиналуының салдарынан тасқын болуы мүмкін" деп хабарланған құтқару қызметінің баспасөз баянында. Дауылды ескертуге байланысты құтқару қызметі Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына өзенге жақын жерде қыдыруға болмайтынын айтып, төтенше жағдайды болдырмасы үшін барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады. Мұның алдында Алматы облысында дауылды ескерту қардың толассыз жаууына байланысты жарияланған болатын. 31-қаңтар мен 3-ақпан аралығында таулы аймақтарда көшкіні болады деп күтілген. Сол кезде мамандар тұрғындардан, қала қонақтары мен туристерден таулы жерлерге көтерілмеуді сұраған. Алайда 31-қаңтар күні Талғар ауданында қайғылы оқиға орын алды. 30 жастағы жігіт қар көшкінінің астында қалып, мерт болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети