05 маусым 2019 09:54

Алматы облысында заңсыз ауланған 5,5 тоннадан аса балық тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы облыстық полиция департаменті © Алматы облыстық полиция департаменті

Алматы облысында заңсыз ауланған 5,5 тоннадан аса балық тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында заңсыз ауланған 5,5 тоннадан аса балық тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, республикалық "Уылдырық шашу" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының тәртіп сақшылары өзге табиғат қорғау органдарымен бірлесіп, заңсыз балық аулаудың 145 дерегін әшкереледі. Оның 18 фактісі бойынша қылмыстық өндіріс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

"Балқаш ауданының полицейлері балық ресурстарын қорғау инспекторларымен бірге электр тоғының көмегімен балық аулаған жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Табиғат қорғау заңнамасын өрескел бұзған күдіктіден моторлы қайық, электр генераторы және ауланған балықтар тәркіленді. Мемлекетке 200 мың теңгеге жуық материалдық шығын келтірілген", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Кербұлақ ауданының тұрғынына қатысты жоғалу қаупі бар балықты аулағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес іс қозғалғаны айтылады.

"Уылдырық шашу" іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзған 123 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 1 миллион 500 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Сонымен бірге, құқық бұзушылар мемлекетке келтірген 8 миллионнан аса материалдық шығынды сот шешімімен ел қазынасына өтейді",- деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Серік Упиев.

Ведомство мәліметінше, құқық бұзушылардан 5,5 тоннадан аса балық тәркіленіп, одан түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылған. Сонымен қатар, бес мың метрден артық балық аулайтын ау және 13 қайық тәркіленген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети