16 тамыз 2019 09:21

Алматы облысындағы балабақшада түсірілген видеодан кейін тәрбиеші жоғалып кетті

Видео кадры Видео кадры

Алматы облысындағы балабақшалардың біріндегі балаларға зорлық көрсеткен видео "кейіпкері" жоғалып кетті, - деп хабарлайды "Астана"  телеарнасы.


Алматы облысындағы балабақшалардың біріндегі балаларға зорлық көрсеткен видео "кейіпкері" жоғалып кетті, - деп хабарлайды "Астана"  телеарнасы.

Видео кадрларында тәрбиеші бір жарым жасар Богданды мұрнынан тартқылап, ұрысып жатқан. Видео Байсерке ауылындағы "Ниет-ай" балабақшасында түсірілген. Богдан ол күні бірінші рет балабақшаға барған. 

"Богданның анасы маған Whatsapp арқылы баласының суретін жіберіп, оған не болғанын сұрады. Мен оны осында шақырып, барлығымыз көрдік. Әрине, бұл сұмдық жағдай. Мен өзім әлі таңғалып отырмын. Ол тәрбиешінің көмекшісі, колледж бітірген. Біз оны сынақ мерзіміне алғанбыз. Мен оның жаман қасиеттерін көрмеппін", - дейді балабақша меңгерушісі Гүлфариза Қасымбекова.

Баланы ұрып-соққан күдікті туралы қазір нақты мәлімет жоқ. Күдікті балабақшада 5 тамыздан бастап сынақ мерзімінде болған. Балабақша меңгерушісіне ол осыған дейін Алматының бірнеше балабақшаларында жұмыс істегенін айтқан. Жергілікті білім бөліміндегілердің айтуынша, тәрбиеші байланысқа шықпай жатыр. Оған айыппұл мен қоғамдық жұмыс ретіндегі жаза тағайындалуы мүмкін. Күдіктіге бұдан былай балалармен жұмыс істеуіне шектеу қойылуы мүмкін. 

"Балаларды ұрып-соғу арқылы ұйықтатқысы келген болуы керек. Қазіргі таңда баланың ата-анасы прокуратураға шағым түсірген. Енді соттың шешімін күтеміз. Осы жағдайдан кейін тәрбиешінің көмекшісі байланысқа шықпай жатқандықтан оны таба алмай отырмыз", - дейді білім бөлімінің бас маманы Арай Төлеубекова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети