27 шілде 2017 13:38

Алматы облысындағы ұшақтың құлауына байланысты Қазақстанда Як-12 әуе кемелерін пайдалану тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© englishrussia.com © englishrussia.com

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Алматы облысындағы ұшақ апатына қатысты тергеу аяқталғанша Як-12 ұшақтарын пайдалануды тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматы облысының Панфилов ауданында "Қазавиа" ҰАК" ЖШС-ның Як-12 әуе кемесімен болған жағдайға байланысты ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті тергеу толық аяқталғанша Қазақстан аумағында Як-12 ұшақтарын пайдалануды тоқтатады", - дейді комитет өкілдері. 

Істі ҚР ИДМ-нің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті тергейтіні айтылды.

Еске салайық, 27 шілдеде Як-12 ұшағының апатынан екі адам қаза болды. Ұшақ әуеден химиялық шашу жұмыстарын жүргізген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети