Алматы облысындағы үздік әлеуметтік жоба анықталды

21 Тамыз 2017, 16:48
0
Алматы облысындағы үздік әлеуметтік жоба анықталды -

Биыл "Үздік әлеуметтік жоба" конкурсына 12 өтінім түсіп, "Жігер-М" қоғамдық бірлестігі жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл бірлестік "Мүмкіндігі щектеулі жастарды қолжетімді спорт түрлерімен шұғылдануға баулу" жобасымен грантқа ие болды. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

"Конкурсқа жобалар мазмұны, таныстыруы, ары қарай дамуы жағынан іріктелініп алынды. Әлеуметтік жоба болғандықтан барынша қоғамға ең қажеттісі таңдалынып алынды, яғни мүгедектерге мейлінше көмек беру. Жалпы 2014 жылдан бастап "Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар" көрмесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық және өңірлік деңгейде өткізіліп келеді. Іс-шаралар қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында және шығармашылық деңгейін дамытуға бағытталған", - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Наурызбаева Сәния.

Айта кетейік, әлеуметтік жоба облыстық байқаудан өткен соң, республикалық деңгейде сарапталынатын болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай