Алматы облысының делегациясы ЕХРО-2017 көрмесінің жаңа технологияларымен танысты

03 Тамыз 2017, 13:05
0
Алматы облысының делегациясы ЕХРО-2017 көрмесінің жаңа технологияларымен танысты -

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов бастап барған делегаттар "ЭКСПО – 2017" көрмесінің жаңа технологиялар мен баламалы энергия көздерімен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Елордағы барған сапардың басты мақсаты - шетелдік компания басшыларымен кездесіп, облыстың баламалы энергия көзі жайлы жан-жақты тәжірибе алмасу. Жетісулықтар Мәскеу, Германия, Сербия, Испания, Шри-Ланка және Нидероландия мемлекеттерінің павильондарын аралап, жасыл энергияға қосқан үлестерімен танысты.

"Алматы обысының табиғаты баламалы энергия көздерінен жоғары нәтиже шығаруға мол мүмкіндік береді. Біз үшін маңыздысы энергия көздерінің ең жаңа әрі маңызды механизмдері мен жетістіктерін білікті мамандардан үйрену", - дейді Лаззат Тұрлашов.

Екінші күнгі сапарда Япония, Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ және басқа да алпауыт мемлекеттердің павильондарында көпшілік назарына ұсынылған жетістіктермен танысуда. Жұмыс сапарының нәтижесінде баламалы энергетикалық компаниялармен серіктестік пен ынтымақтастық орнатып, жұмыс істейтін арнайы комиссия құрамы бекітіледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай