06 қазан 2016 14:51

Алматы облысының МКД қызметкерлері 50-ден аса ойын аппаратын жойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы облысы ЭТҚ МКД баспасөз қызметі © Алматы облысы ЭТҚ МКД баспасөз қызметі

Алматы облысының Экономикалық тергеу қызметінің мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері сот шешімімен 50-ден аса ойын аппаратын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ойын автоматтары Алматы облысында өткізілген жедел-тергеу шаралары барысында тәркіленген. Сонымен қатар, жыл басынан бері қызметкерлер 200-ден аса аппарат, бірнеше рулетка, покер ойынына арналған үстелдер, фишкалар мен карталарды жойған.

2016 жылы 9 айдың ішінде Алматы облысының территориясында бірыңғай реестрге ойын саласында 65 сотқа дейінгі тергеу шаралары тіркелген. Қылмыстық істер бойынша 118 ойын автоматы, 52 лотореялық терминал, 3 жүйелі блок тәркіленген, 3 астыртын казиноның жұмысы тоқтатылған. 34 іс сотқа жіберілген. Сонымен қатар, ойын залдарына ғимаратты жалға берген 6 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

© Алматы облысы Экономикалық тергеу қызметінің Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети