Алматы облысының прокуратура ұжымына облыстың жаңа прокуроры таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл қызметке аға әділет кеңесшісі Азамат Жылкыбаев келіп отыр. Ол бұған дейін Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.
Алматы облысының прокуратура ұжымына облыстың жаңа прокуроры таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл қызметке аға әділет кеңесшісі Азамат Жылкыбаев келіп отыр. Ол бұған дейін Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.
Бұл қызметте осыған дейін болған Ғабит Миразов басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Жылқыбаев Азамат Сембайұлы Қарағанды облысы Шет ауданы Үнрек совхозында туған. Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін бітірген соң, Алматы қаласы прокуратурасының құқықтық статистика және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2000 - 2001 жылдар аралығында Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі. 2001 жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін - Алматы қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры. 2001 жылдың қыркүйек айынан 2002 жылдың сәуір айына дейін - Алматы қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры. 2002 - 2003 жылдар аралығында Алматы қаласы Жетісу ауданы прокурорының орынбасары. 2003 жылдың сәуір айынан 2007 жылдың мамыр айына дейін - Алматы әуе көлік прокуроры. 2007 жылдың мамыр айынан 2009 жылдың желтоқсан айына дейін - Оңтүстік-шығыс аймақтық көлік прокурорының орынбасары.
2009 жылдың желтоқсан айынан 2010 жылдың қараша айына дейін - Оңтүстік-шығыс аймақтық көлік прокурорының бірінші орынбасары. 2010 жылдың қараша айынан 2011 жылдың сәуір айына дейін - Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары м.у.а. 2011 - 2012 жылдар аралығында Ақмола облысының прокуроры. 2012 жылдың сәуір айынан шілде айына дейін - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қарамағына алынды.
Ал 2012 жылдың шілде айынан 2013 жылдың қазан айына дейін - Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары. 2013 жылдың қазан айынан 2016 жылдың 15 ақпанына дейін Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.