Алматы облысының таулы аймақтарында дауылды ескерту жарияланды

26 Наурыз 2017, 18:49
0
Алматы облысының таулы аймақтарында дауылды ескерту жарияланды -

Алматы облысының таулы аймақтарында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтына сілтеме жасап.

"Алматы облысының таулы аймақтарындағы қар жамылғысының биік болуына және жылымыққа байланысты 27-28 наурызда қар көшкінінің жүру қаупі бар", - делінген сайтта.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, туристерге "Медеу-Шымбұлақ" пен Үлкен Алматы көліне баруға шектеу қойылды.

"Қар көшкіні жүру қаупі болғандықтан қар басқан бөктерлерге шығуға кеңес бермейміз. Төтенше жағдайларға жол бермес үшін Департамент өкілдері тұрғындардан, қала қонақтары мен туристерден Алматы қаласында шыңдарға шықпауға кеңес береді", - деді Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай